Олимпиада білімін дамыту icon

Олимпиада білімін дамыту


Скачать 108.93 Kb.
НазваниеОлимпиада білімін дамыту
Размер108.93 Kb.
ТипДокументы

Олимпиада білімін дамыту. Қазіргі кезде білім әр түрлі белгілерімен жіктелетін көптеген бөлімдерден тұратын, күрделі және көп бөлімді жүйе болып табылады. Соның ішінде мысалы, математикалық, табиғи-ғылыми, технологиялық, гуманитарлық білімдер бөлінеді. XX хасырдың ортасында олимпиада білімі пайда болды. Қазір дүние жүзінде 70-тен астам ұлттық олимпиадалық академиялар бар. Қысқа мерзім ішінде халықаралық олимпиадалық академиялар құрылып, олимпиада білімін дамытуда ғылыми негізін құрайтын материалдар жиналды.

Олимпиада білімі адамдық рухтың биіктігін, жеңіске жету еркін және мүмкіншіліктерінің шегіне жету, адамға тән қасиеттер негізін нығайтуда құрылатын тәрбиелеу потенциалын біріктіреді. Осы бағыттан олимпиада білімі мәдениеттің, ғылыми білімінің және әлемдік одақтың рухани тәжірибесінің құралы болып табылады және білімді адамның қабілеттілігін, парасатты бағдарлы сайлауға дайындығын, еркіндік күші мен мәдени әрекетке, және басқа мәдениет, мемлекет және ұлт өкілдеріне құрметпен қарау сияқты мінездерін қалыптастыруға толық үлесін енгізеді.

Қазіргі әлеуметті мәдениетті және білімді жағдайда олимпиада білімі әртүрлі масштабтағы қызметтер қатарын орындайды. Соның ішінде: 1. Геосаяси, оның аясында олимпиада білімі халықтар арасындағы өзара түсіністікті қалыптастыру жағдайында, білім аясын біріктіруге қызмет ете алады; экологиялық адамның табиғи бастаулы сезінуі, оның тазалыққа деген жауапкершілігін нығайтуға және табиғатты қорғауға белсенді қызмет етуді дамытуға бағытталған; 2. мәдени-тарихи; олимпиада білімі ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, отан сүйгіштік сезімін қалыптастыру және өзінің ізбасарлары мен қазіргі замандағылардың жоғары жетістігіне, отанды рухани қолдау факторы сияқты қалыптасады; 3. құрылысты-бағыттаушы, олимпиада білімі әлеуметті құбылыстардың құрылымды әрекетіне рухани-адамгершілікті қарсыластық, тәсілі, махаббатқа, сана мен қайырылымдық пайдасына, зұлымдыққа, жауыздық пен жек көрінішке қарсы адамгершіліктік таңдау тәжірибесін қалыптастыру тәсілі сияқты қарастырылады. 4. дамушы, жеке тұлғаның өзін анықтау, өзін дамыту және өзін жаратудың бағалы-ойлы сияқты, ақпарат, көңіл-күй, ойлы, адамгершілікті және эстетика аимағына физиология асынаноларды дамыту векторы бойынша мәдени қажеттілікті қалыптастыру негізін құрайды; 5. инновационды-педагогикалық; олимпиада білімі іске асырушы және ұйымдастырушыға білім үрдісіне пәндік сипаттамаға, олимпиада мәдениетінің бағалығы шкаласы арқылы адамды әлемге көңіл-күйлі мазасыздануды нығайтуға жаңа жақындықты игеруші.

Олимпиада білімі қоғамдық одақ пен ұйым, жалпы ақпарат тәсілі мүмкіншіліктерін пайдалану, халықтың үлкен көлемін кірістеріне арнайы білімді кеңістігін кеңінен тарату.


2 Дәріс. Олимпизм және Олимпиадалық қозғалыс


Дәріс жоспары: 1. Қазіргі замандағы олимпизмнің философиялық маңызы және болмысы.

2. Олимпиадалық спорт, олимпизм жаңашылдығы.

3. «Фэйр-плэй» - спорттық намыс кодексі.

4. Параолимпиадалық қозғалыс.

5. Инва-спорт – даму жолдары.

6. «Спартиандық» қозғалыс.

7. Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыс.

Олимпизм – адамның санасы мен еркін, денесінің біртұтас үйлестіруші, біріктіруші өмір фәлсафасы. Бұл спорттық мәдениеттік парасаттылық құндылығын, жалпы адамзаттығына негізделген, пәлсафалық адамгершілікті этикалық, педагогикалық және ұйымдастырушылық қағидалардың жиынтығы.

Олимпизмнің идеясы мен идеалына жататындар:

- әлемдік тіршілік пен әлемдік күреске спорт пен спорттық қызметті пайдалану.

- барлық елдер және континенттердің спортшыларының достығы мен бірлестігі.

- жеке тұлғының гармоналды дамуы.

- саяси, ұлттық, әлеуметті, діни және тағы басқа тақырыпта дискриминацияға тыйым салу.

- спорттағы ұлтшылдыққа, космополизм мен допингпен күрес.

- қазіргі әлемде спорттың парасатты құндылығын нығайтуға тырысу.

Олимпиадалық қозғалыс – Бұл ойын, гимнастика спортты дамытуға әсер етуші, шығу тегіне, жынысы мен жасына, саяси және діни көзқарастарына, әлеуметті жағдайына қарамастан, ұйымдар мен адамдарды біріктіруші Олимпизмнің идеясы мен идеалдары, қағидаларынан құрылған қоғамдық құбылыс.

Олимпиадалық қозғалысының басты мақсаттары:

- Олимпизм идеясы мен идеалдарын, қағидаларын бүкіл әлемдік тарату.

- Олимпиадалық спортты ұйымдастыру мен дамытуға ықпал ету.

- Жастарды өзара түсінушілік пен достық рухындағы спорттың көмегімен тәрбиелеу.

- Спортты насихаттау және адамды денелік, адамгершілікке және эстетикалық тәрбиелеу үшін пайдаланудағы оның мүмкіншіліктері.

- Спортты-педагогикалық, ғылыми және жаттықтырушы мамандарын дайындау мен тәрбиелеуге ықпал ету, спортты парасаттылық мақсатта пайдалану, олар арасында тәжірибе алмастыру.

- Төрт жылда бір рет Олимпиада оиындарын өткізу.

Олимпиада оиындары – бұл спортшы-олимпиестердің жиынтықты халықаралық жарыстары, әлем жастарының ұлы мерекесі. Ойындар барлық елдердің мықты спортшыларын біріктіретін шыншыл және тең құқықты жарыстар. Олимпиада ойындарында әлеуметті, тәрбиелік, эстетикалық және адамгершілікті аспектілерін бұл мерекеден табу керек. Оларда олимпизм идеясы мен идеалдары, Олимпиадалық қозғалыс мақсаттарын таратылуда.


^ АҢЫЗДАР МЕН АҚИҚАТТАР.


Олимпиадалық ойындардың алғаш қалай пайда болуы жайлы түрлі аңыздар, жорамалдар бар. Соның бірінде олимпиадалық ойындардың негізін Геракл қалады делінеді. Ол Элида патшасы Авгийдің адам айтқысыз лас ат қоасын тазалап, одан соң патшаны өзіне бағынуға мәжбүр еткен. Осы жеңістің қурметіне төрт інісін жарыстырып, озып келгеніне зәйтүн ағашының жапырағынан алқа таққан. Жарыс жолының мөлшерін Гераклдің өзі белгілепті мыс. Жарыс жолы 600 баспалдақ болыпты. Осы мөлшер кейін бір стадион көлемінің (192,27метр) өлшемі болып қалыптасыпты.

Тағы бір аңызда олимпиадалық ойындарды алғаш рет Зевс ұйымдастырғаны жайлы баяндалады. Ол әлемді бағындыру үшін әкесі Кронмен бақталасады. Ақыры шайқаста әкесін жеңіп шығады. Сөйтіп осы жеңістің құрметіне жарыс ойындарын ұйымдастырса керек.

Ал енді бір аңыздарда олимпиадалық ойындарды алғаш Пелопс ұйымдастырған екен деседі. Ол ел кезіп жүріп, Писа қаласына тап болады. Ол кезде бұл қалаға соғыс құдайы Арестың ұлы Эномай патшалық етіп тұрса керек. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар жан біткеннің сұлуы Гипподамия деген қызы болыпты-мыс. Балгердің болжам жасауы бойынша Эномайдың ажалы сұлу қызының күйеуінен болады-мыс. Осынау ажал отынан қорыққан Эномай қалың айттыра келгендерге келісім беруден қашқақтап, небір қиын шарттар қоюмен болған. Соның бірі – ат-арбалы бәйге жарысы. Бұл жарысқа Эномай мен болашақ күйеу ғана қатысқан. Келісім бойынша күйеу мінген күйме қашады да Эномай қуады. Күйеуді қуып жетсе, жеткен жерде найзамен шаншып өлтіреді. Эномай жете алмаса қызын береді. Патшаның баптап ұстаған ұшқан құсты ілетін сәйгүліктері еш пендені құтқармайтын болыпты.

Пелопс Гипподамиямен танысып, қыз жүрегін тез жаулап алады. Бірақ қыз әкесінің шартын аттап өту қиын. Ақыры айла-шарғы құрып патшаның атқосшысын сатып алады. Патшаның атқосшысы Миртилос жарыстың алдында Эномайдың жарысқа мінетін жеңіл арбасының қос дөңгелегін ұстап тұратын белтемірдің тегершігін алады да, оның орнына балауыз тығып қояды. Жарыстың қызған кезінде белтемірдегі балауыз еріп кетіп арбаның быт-шыты шығады да, онда отырған патша қаза табады. Пелопс дегеніне жетіп, Гипподамияға үйленеді. Патшалықтың жарты қазынасын бермек болып келіскен атқосшы Миртилосты Пелопс теңізге батырып өлтіреді. Сөйтіп сұлу қызға үйленіп, Пелопс Писа қаласы патшасының тағына отырады. Осыдан кейін ол Олимпианы жаулап алады. Осы жеңістің құрметіне үлкен той жасайды. Сөйтіп, олимпиадалық ойындар осы тойдан басталыпты деген де қауесет бар.

Мұндай грек аңыздары өте көп. Оның мынасы дұрыс, мынасы бұрыс деп ешкім қазылық жасай алмайды. «Біздің заманымызға жеткен олимпиадалық ойындардың тарихы жайлы нақты жазба дүниелер жоқ», - дейді венгер зерттеушісі Ференц Мезэ. Шынында да әлі күнге дейін олимпиадалық ойындардың пайда болуы жайлы нақтылы жазба деректер табылған жоқ.

Осы арада тұңғыш олимпиада қайда өткен деген сұраққа жауап бере кеткен жөн сияқты. Бұл сұрақ туралы да екі ұдай пікір бар. Біреулер Олимп тауының басында өткен десе, енді біреулер Альфей өзенінің жағасындағы Олимпия деген жерде өткен деседі. Жалпы соңғы пікірдің жаны бар. Өйткені, гректердің мифологиясында Олимп тауының басын (ең биік жері 2917 метр) құдайлар мекендегеніжайлы аңыз бар.

Грек тарихшысы Тимейдің болжамы бойынша олимпиадалық ойындар тарихын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңде 15 олимпиадалық ойындар өтеді. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 776-726 жылдар аралығы.

Сол кезеңдегі олимпиадалық ойындарға Батыс Пелопоннестің тұрғындары ған қатысқан деседі. Бірінші олимпиаданың чемпионы Элида қаласының аспазы Корьб болыпты.

Екінші кезең – спарталық кезең деп аталады. Бұл біздің дәуірімізге дейінгі 720-576 жылдар аралығын қамтиды. Бұл – 16-51 олимпиадалық ойындардың өткен кезеңі. Оның спарталық деп аталуы олимпиадалық ойындар программасына әскери ойын түрлері көп енгізілген. Әрі олимпиадалық ойындарда әскери дайындыққа көп көңіл бөлген Спарта мемлекеті шешуші роль атқарады.

Үшінші кезең – біздің дәуірімізге дейінгі 576-394 жылдар аралығы. Немесе панэлин кезеңі деп аталады. Бұл – олимпиадалық ойындардың сол кездегі ең гүлденген шағы. Жалпы грек тарихшыларының болжамында 1168 жыл ішінде 293 олимпиадалық ойындар өтті деген тұжырым бар.

Ерте дәуірдегі олимпиадалық ойындарда жеңімпаз бір ақ адам болған. Әр олимпиада сол адамның есімімен аталған. Олимпиадалық жарыстарға және оны қызықтауға әйелдер қатыстырылмаған. Жасырынып қызықтауға келген жағдайда өлім жазасына кесілетін болған. Тек 96 – Олимпиадалық ойындарда (біздің дәуірімізге дейінгі 396 жылы) Родос қаласының өкілі Калипатери есімді әйел ер адамша киініп жарысты қызықтауға қатысқан. Ол өзінің Посейдора деген ұлын жұдырықтасып төбелесетін жарысқа дайарлаған екен. Баласы жеңіске жеткен кезде қуанғаннан бас салып екі бетінен кез-кезек сүйе беріпті. Сөйтіп, ол өзін-өзі әшкерелеп алған. Алайда қатыгез ғұрып бұл жолы өз дегеніне жете алмады. Өйткені бұл әйел жұдырықтасып төбелесуге өз баласын өзі жаттықтырғаны анықталады. Әрі бұл әйелдің ағасы Диагорит олимпиада чемпионы болған. Сөйтіп оған кешірім жасалады. 96 – олимпиадалық ойындардан бастап ерлер арасында өтетін жарыстарға спортшылар ғана емес төрешілер мен жаттықтырушылар да лыпасыз тыр жалаңаш қатысатын болған.

Кейіннен әйелдер олимпиадалық ойындарға өз алдына жеке қатысқан. Олар сентябрь айында жиналатын болған.

Ерлер арасында өтетін олимпиадалық ойындарда жұдырықтасып төбелесу 28 олимпиадада, біздің дәуірімізге дейінгі 688 жылы енгізілген. Жарысқа қатысатын адам саусақтарын қайыспен орап алатын болған. Сонан соң төбелескендер бірін-бірі ұрып жықпайынша не бірі төбелесетін жеңілімді деп бас тарпайынша тоқтатпаған. Әрі төбелесушілер бірін-бірі бастан ғана ұрады екен.

Ертедегі олимпиадалық ойындар құл иеленуші Грецияның гүлдену кезеңінде дүниеге келген. Олимпиадалық ойындарға бас бостандығы жоқ адамдар қатыса алмаған. Сонымен қаса дәулеттілер де жарысқа түсіп күш сынаспаған. Өйткені құлдардың спортпен шұғылдануға уақыты әрі хал-ахуалы жетпесе, дәулеттілер көп алдында жеңіліп жатуды өздеріне мін санаған.

Олимпиадалық ойындардың жеңімпазын мадақтау, оны көптің құрметтісі етіп көрсету жағы да халықты ойластырылып отырылған. Жалпы ертедегі Грецияда дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп, оны құл иеленушілердің мүддесіне қызмет ету құралына айналдырған.

84 олимпиадалық ойындардан бастап (біздің дәуірімізге дейінгі 444 жыл) өнер сайысы қоса өткізілетін болған. Өнер конкрусына тарихшы Геродот, философ Сократ, шешен Демосфен, жазушы Лукиан қатысқан. Ал атақты математик Пифагор жұдырықтасып төбелесуде олимпиада жеңімпазы атанған.

Ертедегі олимпиадалық ойындардың жеңімпаздарына зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген венок тапсырылып, оның құрметіне олимпиада ескерткіші орнатылатын болған.

Біздің дәуірімізге дейінгі 394 жылы Рим императоры Федосий I Милан қаласында олимпиадалық ойындарды өткізбеу туралы бұйрық береді. Осыдан бастап ертедегі олимпиадалық ойындардың құлдырау кезеңі басталады. Жалпы XIX ғасырдың (жаңа тарихтың) аяғына дейін шамамен 2 мың жылдан астам уақыт олимпиадалық ойындар өтпей қалады.


^ ЖАҢҒЫРҒАН ДӘСТҮР.


Көне заманғы олимпиадалық ойындар сан қилы аңызға айналып, күні бүгінге дейін тарих тұңғиығында буалдыр тұман сияқты болып елестейді.Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда өмір сүрген грек тарыхшысы Тимейдың болжамы бойынша көне олимпиадалық ойындардың басталу кезеңі мөлшермен біздің дәуірімізге дейінгі 776 жыл болып саналады.

Грек халқының қиялында қанат қағып сан түрлі аңыздар туғызған көне олимпиадалық ойындарды қайта жандандыруға күш салушылар көп болды.

XVIII ғасырдың аяқ кезінде немістің дене тәрбиесі саласындағы қайраткерлері көп еңбектеніп көрді. Алайда олардың ізденістері еш нәтиже бере алмады.Ал Грециядағы толғаныстар өзінше бір төбе еді. 1821-1829 жылдардағы Грецияны түрк езгісінен азат ету қозғалысы кезінде олимпиадалық ойындарды жандандыру ісі өріс алды. Осы кезде Грецияны азат ету қозғалысының белсенді күрескерлерінің бірі Э. Цаппас дәулетті адамдардан жиналған мол қаржыны түгелдей жаңа олимпиадалық ойындарды дүнеге әкелуге жұмсады. Ойындар өтетін құрылыстар салдыра бастады. Олимпиадалық ойындарды төрт жылда бір рет өткізіп тұрудыбелгіледі. Сонымен бірге олимпиада кезінде шарушылық өнімдерінен көрме ұйымдастырып тұруды жөн көрді. Сөтіп Э. Цаппас алғаш өткізген олимпиадаға өзі басшылық етті. Сонымен Афиныда 1859,1870,1889 жылдары олимпиада өтті. Алайда бұл жарыстар аса тар шеңберде ұйымдастырылған еді. Себебі ол бүкіл грециялық немесе халқаралық деңгейдегі дүбірлі жарысқа ұласа алмады.

XIX ғасырдың орта кезінде түрлі жарыстар халқаралық аренаға көтеріле бастады. Көптеген спорт түрлерінен халқаралық жарыстар өтті. Халқаралық спорт федерациялары ұйымдасты. Мәселен, 1881 жылы Европаның гимнастика одағы құрылды. Спорт жарыстарын халқаралық деңгейде өткізу үшін оның бірегей ережесі мен салтын, дәстүрін қалыптастыру мәселесі күн тәртібіне қойылды. Бұл осы заманға олимпиадалық ойындардың отауын тігуге қолайлы кезең туғанын аңғартады. Осы кезде талантты педагог, барон Пьер де Кубертэн көне олимпиадалық ойындардың бүкіл дүние жүзі жастарының сүйікті ісіне айналуына жол ашуды мақсат етті. Ол спорт жарыстары халқтардың мәдени байланысын нығайтуға жол ашатынын түсіне білді. Қазіргі олимпиадалық ойындар негізін қалаушы Пьер де Кубертэннің пікрі халқаралық спорт қозғалысында негізгі бағыт болып келдыі.

Алғашқы олимпиадалық ойындар өтетін қарсаңда Греция өкілдері оны « тек қана Афиныда өтетін болсын » деген ұсыныс айтты. Барон Пьер де Кубертэн бұл пікірге үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол олимпиадалық ойындар әлемнің әр елінде өткендеғана спортты жер шарының түкпір-түкпірінде кең насихаттай аламыз деген шешімге келді.

Осы заманғы Халқаралық Олимпиадалық Комитетінің (1894-1896 ж.) тұнғыш президенті олимпиадалық ойындардың ту тіккін Отаны – Грецияның азаматы, ақын Деметриус Викелас болды.Мұның өзі Грецияға көрсетілген құрмет еді. Пьер де Кубертэн бас секретарь болып сайланды, 1896 жылы Пьер де Кубертэн (Франция) МОК – тың президенті болып сайланды. Ол осы міндетті 1925 жылға дейін атқарады, 1937 жылы 2 сентябрь күні Лозанне қаласында МОК – тің екінші президенті, барон Пьер де Кубертэн дүние салды. Оның өсиеті бойынша денесі Олимп өңірінде жерленді. Оның қабыры басындағы ескерткіште мынадай сөздер жазылған: Оның тірі кезінде жүрегі ертедегі осы орын деп соқты, енді ол осынау қасиетті Олимпия топырағында мәңгілік тыныштық құшағына енді.

МОК-тың үшінші президенті болып граф А. де Бале-Латур (Бельгия) сайланды. Олимпиядалық ойындар қозғалысына 16 жыл ( 1925-1945 жылдар) жетекшілік етті. Бұл кезең олимпиядалық ойындар қозғалысындағы өте ауыр белес еді. Граф А. де Бале-Латур 1940 жылы қайтыс болды.

МОК-тың төртінші президенті болып, жеңіл атлеттердің халықаралық одағының председателі Зигфрид Эдстрем (Швеция) сайланды. Ол 1952 жылға дейін Халқаралық Олимпиядалық Комитетке жетекшілік етті. 1952 жылы оның орнына МОК президенті болып Э . Брендедж (АҚШ) сайланды. Ол бұл міндетті 1972 жылға дейін атқарады. 1972 жылы Э . Брендедждың орнына МОК-тың президанті болып лорд М. Килланин (Ирландия) сайланды.

^ Олимпиада хартиясы.

Олимпиадалық ойындардың ережелері мен негізгі принциптерін Олимпиада Хартиясы деп атайды. Олимпиаданың мұндай уставтық үлгісінің негізі Пьер де Кубертэннің ұсынышы бойынша 1894 жылы Парижде өткен Халықаралық спорт Конгресінде бекітілген болатын. Бұл документ кейінірек сәл өзгертіліп, толықтырылғанымен бұрынғы негізгі мазмұнын толық сақтап келеді.

Олимпиада Хартиясы бойынша Олимпиадалық ойындар төрт жылда бір рет өтеді. Оған әлемнің бар елінің спортшылары қатыса алады. Жекелеген елге не спортшыға мемлекетінің құрылысына, нәсіліне, дініне және идеялық-сияси сеніміне ешқандай шектеушілік болмайды. Олимпиада қозғалысының басты мақсаты әлемде бейбітшілікті нығайтуға, халықаралық ахуалды жақсартыуға жастардың күш-жігерін жұмылдырып, адамгершілік сезімін жетілдіре түсуіне көмектесуге жағдай жасау болып табылады.

Осы заманғы олимпиадалық ойындар 1896 жылдары басталды. I Олимпиада 1896-1899 жылдары, II Олимпиада 1900-1903 жылдары өтті. Олимпиада белгіленген уақытта өтпей қалса да ретімен санала береді. Мәселен, 1916 жылы VI, 1940 жылы XII және 1944 жылы XIII Олимпиадалық ойындар өтпесе де өз ретін сақтап қалды.

Қысқы олимпиадалық ойындар жазғы олимпиадалық ойындар өтетін жылдың қысында өтеді. Ол 1924 жылы басталды. Жазғы олимпиадалық ойындар 15 күн, ал қысқы олимпиадалық ойындар 10-12 күн ішінде өтуге тиіс. Олимпиаданың өту орнын МОК белгілейді. Олимпиаданың өту уақытын олимпиада өтетін елдің ұйымдастыру комитеті белгілейді. Оны МОК белгілейді. Олимпиада ойындарының жарыстары олимпиада өткізу міндеті жүктелген қаладағы стадиондарда не қала маңындағы спорт құрылыстарында өтеді. Кәсіптік спортпен шұғылданатындар олимпиадаға қатыстырылмайды. Әр елдің спортшысы тек өз елінің жалауы астында ғана жарысқа қатыса алады. Олимпиадалық ойындар да, әлем біріншіліктерінде бір елдің құрама командасында жарысқа шыққан спортшы келесі ойындарда басқа елдің командасы құрамында жарысқа қатыстырылмайды. Олимпиадаға қатысушыларға жас жөнінен ешқандай шек қойылмайды.

Олимпиада Хартиясына МОК-тың Ұлттық Олимпиадалық Комитеттермен, Халықаралық Спорт Федерацияларымен қарым-қатынасы, МОК-тың мүшелерін сайлау тәртібі, МОК-тың президенті мен атқару комитетінің міндеттері, МОК-тың сессиялары мен конгрестерін шақыру, жұмыс тәртібі, олимпиадалық ойындарға елдер мен жекелеген спортшылардың қатысу шарттары, олимпиаданың программасы, олимпиадалық ойындарда жүргізілетін мәдени жұмыстар программасы, олимпиадаға қатысатын елдердің өкілеттік құрамы, спортшылар, оларға еріп келетіндердің (жаттықтырушылар мен дәрігерлер) саны, олимпиадалық ойындардың салтанатты ашылуы мен жабылуы, жеңіске жеткендерді наградтау рәсімі кіреді.

Халықаралық Олимпиадалық Комитет (МОК) Олимпиадалық қозғалыстың жоғары басқару органы 1894 жылы 28 июньде құрылды. МОК-тың міндеті олимпиадалық ойындарды дер кезінде, уақытылы өткізу әрі оның тұрақты түрде жетілдіріп отырылуы, әуесқой спорт ұйымдарының жарысын қолдап, ынталандыру, әуесқойлар спортын өркендетуге басшылық жасау, барлық елдер спортшыларының достығын нығайта беруге ықпал ету болып табылады.

МОК – үнемі іс үстіндегі ұйым. Оған өз елінде ұлттық олимпиадалық комитеті бар олимпиадалық қозғалысқа үлес қоса алатын лайықты адамдар сайланады. Көбіне бір елден бір ғана адам мүше бола алады. Ал кейде олимпиадалық қозғалысқа үлкен үлес қосатын ірі елдерден немесе олимпиада болып өткен елдерден екі адамға дейін мүше бола алады. 1966 жылға дейін МОК-ке мүше болғандардың кандидатурасы өмір бойы сақталатын еді. 1966 жылдан бастап МОК-тің мүшелері 72 жастан кейін отставкаға кететін болып шешілді.

МОК өз мүшелері ішінен бір президент, үш вице-президент сайлайды (оның біреуі Европа құрлығынан болады). МОК-тің мұнан басқа бес мүшесі болады. Осы тоғыз адам МОК-тың атқару комитетін құрайды. МОК-тың президенті 8 жылға, кейбір жағдайларда тағы да 4 жылға сайлануға правосы бар. Ал МОК-тың басқа мүшелері 4 жылға сайланады. МОК-тың сессиясы әр жыл сайын өтеді. Тек олимпиада ойындары болатын жылы екі рет өткізіледі.

Олимпиада кезінде жарыс нәтижесін шығару олимпиадалық ойындар программасына кіретін спорт түрлері бойынша халықаралық спорт федерациясына жүктеледі. МОК ең жоғары төрешілер алқасы болып табылады. Олимпиада программасына кірген спорт түрлері бойынша МОК Халықаралық Спорт Федерацияларын таниды. Соларға жарысты өткізу міндетін жүктейді.

Ұлттық Олимпиадалық Комитет әр елдегі олимпиадалық қозғалыстың басшы органы болып саналады. НОК Халықаралық Олимпиадалық Комитет пен Халықаралық Спорт Федерацияларының халықаралық олимпиадалық қозғалыс саласындағы ең басты буыны болып саналады. Әр елдің Ұлттық Олимпиадалық Комитеті Халықаралық Олимпиадалық Комитетпен тікелей байланыста болады. Олимпиадалық ойындарға байланысты шараларды жүзеге асыру, оны бақылау НОК-тың басты міндеттері болып есептеледі.

Халықаралық Спорт Федерациялары. МОК олимпиадалық ойындарды өткізу барысында оның спорттық, техникалық жағынан басшылық жасауды әр спорт түрі бойынша Халықаралық Спорт Федерациясына жүктейді. Мәселен, хоккей, футбол, жеңіл атлетика, суға жүзу т.с.с. Халықаралық Спорт Федерациялары олимпиадалық ойындардың хартиясына сәйкес бұл міндетті барынша әділетті де принципті тұрғыда өткізуге бар мүмкіндікті жұмылдырады.

МОК қазір 80-нен астам Халықаралық Спорт Федерациясының 26-сын іс жүзінде таныды. Бұл спорт түрлері түгел дерлік Олимпиадалық ойындар программасына енгізілді. МОК сонымен бірге мұның сыртында 7-8 спорт түрлері бойынша Халықаралық Спорт Федерациясын танып отыр. Алайда олардың кейбірін (әуе спорты, бейсбол, болулинг, су шаңғысы, роликті коньки, теннис т.б.) олимпиадалық ойындар программасына кіргізген жоқ.

Олимпиадалық конгрес. 1894 жылы Парижде бірінші конгрес өтіп, онда осы заманғы олимпиадалық ойындардың теориялық негізі қаланып, Халықаралық Олимпиадалық Комитет (МОК) құрылды.

Конгрес МОК, НОК және Халықаралық Спорт Федерацияларының өкілдері қатысып, олимпиадалық ойындарды өткізу жөніндегі аса маңызды мәселелерді шешеді.

1914 жыл мен 1930 жылдар арасында конгрес 9 рет шақырылды. Онда осы заманғы олимпиадалық ойындарды өткізу, оның Хартиясы мен ережелерін толықтыру сияқты күрделі мәселелерді талқылады, МОК-тың құрамын сайлады.

1931 жылдан 1972 жылға дейін Олимпиадалық конгрес өткізілген жоқ. Бұл көбіне Пьер де Кубертэннің МОК-тың президенттігінен кетуіне де біршама байланысты болды. Олимпиадалық ойындардың халықаралық қозғалысына МОК тікелей басшылық жасайды.

1973 жылы социалистік елдер өкілдерінің бастамасын бүкіл дүние жүзінің прогресшіл спортшылар қауымы қолдап, олимпиадалық конгрес өткізу қайтадан қолға алынды.

Олимпиадалық ойындар программасы. МОК олимпиадалық ойындар программасына кіретін спорт түрлерін өзі анықтайды. Олимпиадалық ойындар программасына кіру үшін кез келген спорт түрі әлемнің кем дегенде 25 Ұлттық Олимпиадалық Комитетіне белгілі, кең насихатталып отырылуы тиіс. Алайда бұл шартты түрде орындалғанымен оны олимпиадалық ойындар программасына қабылдау, қабылдамауды МОК шешеді. Әрі әр олимпиада алдында МОК олимпиадалық ойындар программасына енетін спорт түрлері жайлы белгілі бір дәрежеде шартты ұсыныстар енгізеді. Мәселен, МОК (1970) 1980 жылы алдағы уақытта ерлер үшін олимпиадалық ойындар программасына әлемнің кем дегенде 4 құрылығының 75 елінде насихатталып отырған спорт түрі ене алады, ал әйелдер үшін екі құрылықтың кем дегенде 40 елінде кеңінен таралуы тиіс. Қысқы олимпиадалық ойындар программасына ерлер үшін әлемнің кем дегенде 3 құрлығының 25 елінде, әйелдер үшін 20 елінде насихатталып отырған спорт түрлері енгізіледі деген шешімге келді. МОК сонымен бірге олимпиадалық ойындар программасына кірген спорт түрлері 8 жыл ішінде жоғарыдағы талаптардан кеміп кетсе, онда оны олимпиадалық ойындар программасынан алып тастайды. Бұл ретте қол добы, садақ ату, дзю-до т.б. спорт түрлерінің жарыс программасына бірде кіріп, бірде алынып тасталып жүргенін айтсақ та жеткілікті.

Олимпиадалық ойындар өтетін қалалар. Олимпиада Хартиясына сәйкес олимпиаданы өткізу жауапкершілігі белгілі бір елге емес, қалаға жүктеледі.Олимпиадалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қаланың жоғары әкімшілігі өз ұсынысын сол елдегі Ұлттық Олимпиадалық Комитетке бекіттіріп, МОК-ке жолдайды. Сонымен бірге қаланың кандидатурасын сол елдің үкіметі толық жақтауы тиіс. МОК олимпиадалық ойындар өтуден 6 жыл бұрын оны өткізетін қаланы бекітеді. Олимпиадалық ойындарды өткізуге тілек білдірген қала МОК-тың сессиясында көпшілік дауыс алуы тиіс. Егер қалалардың ешқайсысы белгілі мөлшерде қажетті дауысқа іліге алмаса, онда ең аз дауысқа ие болған қала алынып тасталып, дауыс беру рәсімі қайта жүргізіледі.

Олимпиадалық ойындар өткізу міндеті жүктелген қала МОК-тың бекітген жоспары бойынша олимпиадаға әзірлік жұмыстарын бастайды. Оны сол қала ұсынылған елдың Ұлттық Олимпиадалық Комитеті тікелей бақылауға алып, іс жүзіне асырады.

Олимпиада эмблемасы. 1913 жылы Пьер де Кубертэннің ұсынысы бойынша олимпиаданың эмблемасы бір-бірімен өріле қосылған бес сақинадан жасалды. Олар көкшіл, қара, қызыл (жоғары қатары), сары және жасыл (төменгі қатары) түстен тұрады. Сақиналардың бір-бірімен өріле қосылуы бес құрылық спортшыларының олимпиадалық қозғалысқа бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып күш жұмсайық деген ниетін аңғартатындай белгі еді. Мұнда сонымен бірге «Читиус», «Альтиус», «Фортиус» (тезірек, биігірек, күштірек) ұраны да бар. Олимпиадалық эмблеманы пайдалану правосы МОК пен Ұлттық Олимпиадалық Комитеттерге ғана беріледі. Олимпиадалық эмблеманы коммерциялық мақсатта пайдалануға қатаң тыйым салынады. Сонымен бірге әр олимпиаданың өз эмблемасы болады. Мұнда 5 сақинамен бірге олимпиаданың өткен жылы және оны ұйымдастырушы қаланың символикалық белгісі болады.

Олимпиада жалауы. Ақ матадан жасалған, ортасында 5 сақыинасы (көгілдір, сары, қара, жасыл, қызыл түсті) бар жалау П. де Кубертэннің ұсынысы бойынша 1913 жылы МОК-тың мәжілісінде бекітілген. Бірінші рет олимпиада жалауы 1914 жылы осы заманға олимпиадалық ойындардың 20 жылдық мүшелді тойын атап өту рәсіміне орай Парижде көтерілді. 1920 жылдан бері барлық олимпиадалық жарыстарда олимпиада жалауы көтеріліп келеді.

Кезекті олимпиадалық ойындар басталар алдында осының алдында олимпиадалық ойындар болып өткен қаланың өкілі олимпиада жалауын МОК-тың президантіне табыс етеді. (Бұл жалауды 1920 жылы Бельгия Халықаралық Олимпиадалық Комитетке сыйға тартқан болатын). Президант олимпиадалық ойындар өткелі отырған қаланың басшысына осы жалауды тапсырады. Жалау олимпиада өтетін стадионға қадалады. Олимпиадалық ойындар аяқталғаннан кеін олимпиада жалау олимпиадалық ойындар өткен қаланың бас әкімшілігі үйінде келесі олимпиадаға дейін (төрт жыл) сақталады.Қысқы олимпиадалық ойындардың өз жалауы бар.Оны 1952 жылы Осло (Норвегия) қаласы МОК-ке сыйлаған болатын.

Олимпиада анты. Бұл да олимпиадалық ойындардың өзіндік салты іспетті 1920 жылдан бері қалыптасқан дәстүрдің бірі. Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде олимпиада өтіп отырған елдің ең таңдаулы спортшысы өз елінің ұлттық жалауы астында тұрып, көне замандағы олимпиада салтымен ант етеді. Анттың мазмұны мынадай:

«Мен барлық спортшылардың атынан біздер бұл олимпиадалық ойындарға қатысатындығымызға, нағыз спорттық рұхта өтетін осы ойындар үшін белгіленген тиісті ойын тәртібін құрмет тұтып, сақтауға, спорттың даңқы үшін және өз командамыздың намысы үшін уәде беремін».

СССР Ұлттық Олимпиадалық Комитетінің ұсынысы бойынша МОК 1968 жылдан бері мұндай антты жарыс төрешілері де қабылдасын деп шешті.

Олимпиада алауы. Алау ертедегі олимпиадалық ойындар өткен Грециядағы Олимп тауында күн нұрынан тұтатылады. Содан кейін факельді эстафеталық алып жүру рәсімі басталады. Эстафеталық шеру олимпиада басталған күні аяқталады. Олимпиадалық ойындар басталатын орталық стадиондағы үлкен табаққа алаудан от тұтатылады. Осы от олимпиадалық ойындар аяқталғанша жанып тұрады. Мұндай дәстүр 1936 жылдар бері жалғасып келеді. Қысқы олимпиадалық ойындарда 1952 жылдан бері олимпиада алауы жағылып жүр. Олимпиада алауы арқылы от тұтату олимпиадалық ойындар өтетін елдің ең таңдаулы спортшысына жүктеледі.

Олимпиада жүлдесі. Олимпиада ойындарында 1-3 орындарға ие болған спортшылар – медаль және дипломмен, ал 4-6 орындарға ие болғандар дипломмен наградталады. 1-орынға алтын медаль беріледі. (Алтын медальдің іші күміс, сырты алтынмен қапталған. Бір медальда таза 6 грамм алтын болады). 2-орынға күміс, 3-орынға қола медаль беріледі. Әр медальдің диаметрі 60 миллиметр, қалыңдығы 3 миллиметр.

Ресми емес жалпы командалық есеп. Жалпы командалық есеп олимпиада ойындарында ресми жинақталмайды. Өйткені олимпиада Хартиясында көрсетілгендей «Олимпиадалық ойындардағы спорт жарысы мемлекеттер арасында емес жеке спортшылар, командалар арасында өтеді».

Алайда 1908 жылдан бері олимпиадалық ойындарды ұйымдастыру комитеті мен Ұлттық Олимпиадалық Комитеттердің олимпиадалық ойындар жөніндегі ресми есептеріне, сонымен бірге жеке басылым болып шыққан анықтамаларда командалық есептер беріліп жүр. Алғашқы кезеңде жалпы командалық есепке жеңіп алған медальдар ғана саналған. Ол кезде алтын медальға – 3, күміске – 2, қолаға – 1 ұпай есептелген. Кейде алтынға – 5, күміске – 3, қолаға – 1 ұпай берілген. Ал 1924 жылдан бастап олимпиада программасына кірген әр спорт түрі бойынша алғашқы алты орынға ұпай есептеп келеді. Мұндайда бірінші орынға – 7, екінші орынға – 5, үшінші орынға – 4, төртінші орынға – 3, бесінші орынға – 2, алтыншы орынға – 1 ұпай беріледі. Кейде оның 10,5,4,3,2,1 варианты да қолданылған.


^ Развитие Олимпийского образования.

В современном мире образование является сложной многогранной системой, которая состоит из множества компонентов, которые классифицируются по разным признаком. Среди них выделяются, например, математическое, естественно-научное, технологическое, гуманитарное образование. Середина XX века ознаменована появлением идей олимпийского образования. Сегодня во всем мире действует более 70 национальных академий. За относительно короткий период времени Международной олимпийской академией создан и накоплен материал, который заложил научную основу развития олимпийского образования.

Олимпийское образование объединяет воспитательной потенциал, который состоит в объективации высот человеческого духа, воли к победе и преодолении границ физических возможностей, и утверждение основ достойной человека обыденной жизнедеятельности. С этих позиций олимпийское оброзование представляется средством интеграции культуры, научных знаний и духовного опыта мирового сообщества и может внести полноценный вклад в формирование таких характеристик образаванного человека как спосопность к самопереживанию, готовность к гуманистически ориентиррованному выбору, волевому усилию и культурному действию, личное достоиноство и сопидарность, отктытость для равноправного диалога, уважение к представителям других культур,государств и национальностей.

В современной социокультурной и образовательной ситуации олимпийское образавание призвано выполнить целый ряд разномасштабных функции. Среди них:

1) геополитическая, в рамках которой олимпийское образование способно выступать в качестве условия формирования взаимопонимания между народами, сближения целевых и ценностных ориентиров развития, объединения образовательного пространства; экологическая, которая направлена на осознание природного начала человека, укрепление его ответственности за чистоту и полноценность жизненной среды обитания для себя и своих потомков, развитие природоохранительной активной деятельности;

2) Культурно- историческая, предполагающая становление олимпийского образования как фактора укрепления связей между поколениями, формирования чувств патриотизма и сопричастности к высоким достижениям своих предшественников и современников, поддержания духовных основ величия родины;

3) Конструктивно- регулирующая, подразумевающая рассмотрение олимпийского образования как средства духовно – нравственного соп противления деструктивным воздействиям негативных социальных яв


^ Жоғары сыныптағылардың Олимпиадалық мәдениеті.

Спорт өзінің әр түрлілігімен денсаулыққа, денелік жетілуге, ерікке ғана емес, сонымен бірге рухани әлемге, адам мәдениетіне және олардың адамгершілік қағидалары және эстетикалық дәмге жағымды әсері үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Олимпизм – жалпыадамзаттық адамгершілікті-эстетикалық құндылыққа, жариялылық пен парасаттылық қағидаларын насихаттаушы әлеуметті-мәдени құбылыс.

Отандық және шет ел ғалымдарының көптеген зерттеушілерінің нәтижесі жастардың спортқа, олимпиада ойындарын қызығушылығы, олар олипизм дәстүрлері және идеалдарын нашар игеру байқалатынын көрсетеді.

Мектеп оқушыларының олимпиадалық мәдениеті спорттық практиканы белсенді игеруге олимпизм және мотивация бойынша арнайы білім негізінде қалыптасады.

Бұл зерттеудің негізгі әдісі анонимді әлеуметті сұраныс болып табылады. Олимпизм бойынша қоғамдық көзқарастың қалыптасуы, спортты насихаттаудың мықты тәсілі – теледидар болып табылады. Екінші орында газеттер мен журналдар алады.


^ Кеңестік кеңістікте ұлттық олимпиадалық құрылымды дамыту және қалыптастыру ерекшеліктері.

1. ХОК-тің мойындау және халықаралық спорттық федерацияға кіру.

2. Олимпиада ойындарына қатысу процедурасы.

3. Басқа елдердің ХОК-мен екі жақты байланысты келтіру.

4. Мемлекеттік өкімет ұйымдарымен, қоғамдық ұйымдарымен, қазақ диаспорасымен өзара қатынасты қалпына келтіру.

5. Қазақстанның Олимпиада Академиясын құру, ҰОК қызметін ұйымдастыру және құрылымдау.


^ КӘСІПТІК СПОРТ. НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР.


«Кәсіптік спорт» пәнін оқытудың мақсаты болашақ мамандарға кәсіптік спорт бойынша қажетті білім беруді көздейді.

Адам қызметінің кез келген саласы сияқты кәсіптік спорттың да өзінің арнаулы терминологиысы бар: кәсіптік спорт, кәсіби спортшы, кәсіптік спорт лигасы, кәсіптік спорт мектебі, бизнес, маркетинг, демеушілік, кәсіптік спортшылар ассоциациясы және басқалар.

^ Кәсіптік спорт – кәсіптік спортшылардың және спорт қызметкерлерінің (функционерлер) кәсіпкерлік қызметінің түрі, оның мақсаты товар түріне ие болатын спорттық ойын-сауық ұйымдастыру болып табылады. Мұндай тауарды өткізудің қажетті шарты спортшылардың шеберлігімен қамтамасыз етілген ойынның жоғары сапасы, жекелеген спортшылар және командалар арасындағы қызу бәсекелестік, жоғары тиімділік маркетингтігі.

Бұл жағдайларда көрермендер, рыногтың басқа субъектілері, өнеркәсіп компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары, жекелеген жағдайларда, тіпті мемлекеттік спорттық ойындардың сатып алушыларына айналады. Спорттық ойын-сауық өткізу кәсіптік спорттық ұйымдарға және спортшыларға, олардың кәсіпкерлік қызметіне байланысты шығынның орнын толтыруға, қолайлы жағдайларда пайда алуына мүмкіндік береді.

Кәсіптік спортты дамыту екі жолмен: коммерциялық-спорттық және спорттық-коммерциялық жолымен ерекшеленеді. Бірінші жол ең көп табыс, пайда табуды көздейді, ал нақты спорттық қызметке, спорттық нәтижеге пайда табудың құралы ретінде қарайды. Екінші жол халықаралық және Европалық кәсіптік спортқа тән, ең алдымен спорт жағы, спорттық нәтиже алға қойылады, қызу спорттық күрес спорттық бизнестің басымдылыққа ие, міндетті шарты болып табылады.

^ Кәсіптік спортшы – біліктілігі жоғары спортшы, ол спортты өзінің негізгі кәсібі деп біледі және тиісті ұйыммен немесе жеке тұлғамен (клубпен, командамен, менеджермен) еңбек шартына отырады (қол қояды).

^ Кәсіптік спорт лигасы (ассоциация, одақ, федерация, кеңес) – кәсіби клубтардың, командалардың, спортшылардың бірлесіп спорттық және кәсіпкерлік қызметті жүргізу мақсатындағы бірлестігі. Кәсіптік спорт лигалары спорттық және кәсіпкерлік қызметтің стратегиясы мен тактикасын, жарыстар жүйелерін және оларды өткізудің ережелерін жасайды, кәсіптік спортшылардың арасында жарыстар өткізеді, неғұрлым пайда алу мақсатымен клубтар қызметіне жалпы басшылық етеді.

^ Кәсіптік спорт клубы (команда) – спорттық бизнеске қатысу мақсатымен әр түрлі адамдар топтарын біріктіретін жеке акционерлік немесе корпаративтік ұйым болып табылады.

Бизнес – табыс табуға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрі. Спорттық бизнеске функционерлер, жаттықтырушылар, қызмет етуші адамдар, кәсіби спортшылар, спортшылардың агенттері, кәсіптік спортшылардың ассоциациялары, спорттық төрешілер, спорт журналистері, спорт ғимараттарыныңиелері және өзге қызметкерлер категорялары қатысады.

Маркетинг – тауарлар өткізу рыногын немесе көрсетілетін қызметті кеңейту мақсатымен тұтынушыларға белсенді ықпал ету және тұтыну рыногын зерттеу мақсатымен жүргізілетін шаралар жүйесі. Маркетингтің түпкі мақсаты – кәсіпкерлік қызметтің тиісті түрі бойынша неғұрлым мол пайда табу. Маркетинг – кәсіпкерлік қызмет түрі, ол кәсіпкерлердің тұтынушылардың қажеттіліктеріне неғурлым толық әрі сапалы қанағатандыруына, мол табыс табыуна жәрдемдеседі. Мұны спорттық бизнестің өзіндік бір пәлсафасы (филасофиясы) десе де болады.

^ Демеушілік жасау – бір тарап (спонсор) екінші тарапқа (клубқа, командаға, спортшыға) өз өнімін жарнамалау мақсатымен немесе белгілі бір артықшылықтар алу (мәселен, салықтан босату) мақсатымен материалдық қаржы – қаражат (ақша, товарлар, қызметтер) беруіне (ұсынуына) сәйкес жасалтын іскерлік келісім.

^ Кәсіптік спортшылардың ассоциациясы – салалық кәсіподақ ұйымы, ол кәсіптік спортшылардың құқықтарын кеңейту және олардың әл–ауқатын жақсарту жолында күрес жүргізеді. Кәсіптік спортшылар командалары иелерінен және спорт функционерлерінен спорттық бизнесте өз мүделерін қорғау үшін ассоциацияларға бірігеді. Кәсіптік спортшылар жалпы бизнестің қатысушылары болып табылады, алайда олардың мүдделері клубтар қожайындарының және лигалар басшыларының мүдделерімен барлық жерде сәйкес келе бермейді. Олар өз ассоциациялары арқылы клубтар қожайындарынан өздерінің еңбек жағдайларын жақсартуға, табысын ұлғайтуға қол жеткізеді, бұл орайда олар бизнестің осы түрінде өздерін негізгі тұлғалары деп біледі.


^ КӘСІПТІК СПОРТТЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ.


АҚШ-та кәсіптік спорт барынша дамыған. XIX ғасырдың аяқ кезінің (шенінің) өзінде нақ осы елде кәсіптік спорт бизнестің арнаулы саласында қалыптасты. Спорттың көптеген түрлері әр түрлі елдерде пайда болған, соған қарамастан олар кәсіптік спорт ретінде АҚШ-та жан-жақты дамыды. АҚШ-та спорттың кәсіптік түрлерінің пайда болуы әр-түрлі жағдайда болған, тек XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана бұл процесс шын мәнісінде аяқталды. Өйткені, спорттың бір түріне ең кемінде 20 жыл, ал кейбіреулеріне одан да көп уақыт қажет болды.

1930-1970 жылдардағы кезеңді кәсіптік спорттың қалыптасу кезеңі, деп санауымыз мүмкін. XIX ғасырдың орта шенінен бастап АҚШ-та бейсбол, американ футболы, баскетбол, сондай-ақ гольф, теннис сияқты спорт түрлері жедел дамытылды. Алайда бұған дейін спорттың ат жарысы, бокс (жұдырықтасу жекпе-жегі), жүгіру, күрес, ескек секілді бәйге тігілген түрлері болды.

Қазіргі қоғамда кәсіптік спортты белгілі социологтар Р.Эдварс, Дж.Сейдж, С.Эйтцен т.б. әлеуметтік институт ретінде қарастырып, олар үш негізгі міндетті шешушіге тиіс деп санайды:

1. Ол көрермендер мен қатысушылар үшін қауіпсіз «қақпақ» қызметін атқарды, сол қақпақ арқылы адамда жиналып қалған теріс энергия, қоғамның қабылдауына болатын түрдегі дұшпандық, жағымсыз ширығу сыртқа шығады;

2. Спортшылар қоғам тәрбиесі үшін үлгі-өнеге, модуль болып қызмет етеді;

3. Спорт, рухани, тіпті діни институт, ол қоғамдық мінез-құлық құндылықтарын сақтау үшін салт шараларын және рәсімді салтанаттарды пайдаланады.

Спорт қоғамда белгілі бір әлеуметтік функцияларды, атап айтқанда, әлеуметтік-эмоциональды, бой жазып көңіл көтеру, адамдардың басын біріктіру, саяси және тұрақтылықты сақтау функцияларын атқарады.

Көптеген зерттеулердің авторлары спорт қоғамдағы билікке құрметпен қарауға, заңға құлақ асуға, көзқарастардағы консерватизмге тәрбиелейді, қоғамда болып жататын ерекшеліктер мен тосқауылдарды еңсеруге жәрдемдеседі, тең болу мүмкіндіктері идеясына сендіреді, деп сипаттайды.

Спорт пен қоғам арасындағы қарым-қатынас тұжырымдамасы ең алдымен алға қойылған міндеттермен, талданылатын мәселелермен, оларды түсіндірумен анықталады. Сонымен, спорт, бұл қазіргі қоғам өмірінің көк мылжың жағы (аспектісі) емес, оған (қоғамға) белсенді түрде ықпал ететін әлеуметтік құбылыс болып табылады. Қоғам қызметінің көптеген саласына мықтап енген ол кейбір елдерде адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Алайда әлеуметтік институт спортты модель ретінде қарастыру қателік болар еді.

Күллі замандарда, күллі елдерде қоғамдағы кәсіптік спорттың атқаратын ролі мен орны, ең алдымен, оның қоғамдық құндылықтарға және келешек ұрпақ тәрбиесіне ықпалы тұрғысынан қарастырылады. Әсіресе, XXғасырда оған деген көзқарас, қатынас бұл кезеңде қоғамда жетіліп жатқан міндеттермен анықталады.

Спорт жеке адам мен қоғамға қажетті тән саулығы, ерлік, адалдық, шыдамдылық, бастама көтеру сияқты қасиеттерді дамытады, бұл қасиеттердің қоғамдағы билік атаулыға құрметпен қараумен, тез ойлаумен, өз-өзіне сенімді болумен, өз-өзіне бақылау жасаумен, оптимизммен, әділеттілікпен, қоғамдық ынтымақтастықтың маңыздылығын түсінумен үйлесім табуына т.б. жәрдемдеседі.


^ КӘСІПТІК СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ДЕМЕУШІЛІК (СПОНСОРЛЫҚ) ЖӘНЕ МЕЦЕНАТТЫҚ. САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАМА.

Қоғамдық өмірдің әр алуан саласын қолдау түрлері.

Спортқа демеушілік жасау феноменінің күрделілігі сол, ол спонсорлық – демеушілік дегеніміздің өзі не ? деген сауалға жауап беруден басталады. Сауалға жауап берудің қиындығы, екі түрлі жағдаймен байланысты. Біріншіден, ғылыми және күнделікті практикада мәні жөнінен бір-біріне жақын, ал шын мәнінде, демеушіліктен ерекшеленетін терминдер мен ұғымдар пайдаланады. Мұндай ұғымдар синонимдеріне: «қолдау», «көмек», «қорғаушылық», «қамқорлық», «құрбандық жасау», «меценаттық» және басқалары жатады. Екіншіден, «спонсорлық» ұғымының мәнін анықтауда әр түрлі елдер мамандарының арасында бір ауыздылық жоқ. Сондықтан да олар бірқатар жағдайларда бір-бірімен түсінісе бермейді. Қазіргі таңда спорттық спонсорлықты түсінушілікке қол жете қойған жоқ, сол себепті олар өзіндік бір «ұғымды конвенцияға» келіп жүр.

Сонымен спонсорлық – демеушілік дегеніміз не?. Бұл:

1. Қоғамдық өмірдің әр алуан саласына оның ішінде, дене шынықтыру мен спортқа қолдау көрсетудің мүмкін болатын түрі;

2. Спорт пен дене шынықтыруды, қоғамдық өмірдің басқа саласын материалдық қолдау түрі, бұл қолдау алуан түрде болуы мүмкін;

3. Дене шынықтыру мен спортты қоса алғанда, қоғамдық өмір салаларына материалдық қолдау көрсету түрі, бұл көмек міндетті түрде көмекке сай көмекті қарастырады, осынымен ол патронаждан, меценаттан, қайырымдықтан ерекшеленеді;

4. Әдетте жеке тұлғалардың емес, заңды тұлғалардың (бірінші кезекте, әр түрлі фирмалар мен ұйымдардың) қызметі;

5. Бұл қызмет демеушілік көрген жақты демеушілік көрсеткен жаққа белгілі бір тәуелді етіп қояды;

6. Фирмалардың және ұйымдардың маркетингтік стратегиясының ажырамас бір бөлігі бола алады;

7. Өз мәні бойынша инновациялық қызмет;

8. Мұндай қызмет мемлекет тарапынан сөзсіз неғұрлым экономикалық преференцияға ие т.б.

^ Спонсорлықтың рыногтық (нарықтық) коммуникациялық құралы ретіндегі ерекшеліктері.

Коммуникациялық стратегияның классикалық құралдарымен салыстырғанда демеушілік көрсетудің (спонсорлықтың) бірқатар ерекшеліктері бар:

1. спонсорлық коммуникациялық саясаттың көптеген құралы болып табылады, мұның мәнісі мынада, ол нарықтық коммуникацияның бірқатар міндеттерін, бірінші кезекте жарнаманың, паблиситидің міндеттерін орындауы мүмкін, сонымен қатар ол қоғамдық өмірдің алуан түрлі саласына жатады.

2. спонсорлық коммуникациялық стратегияның қосымша құралы болып табылады.

3. спонсорлық рыноктың коммуникацияның классикалық құралдарымен бірге жүйеде пайдалануы мүмкін, яғни оларды толығымен ауыстыра алмайды.

4. спонсорлық нарықтық коммуникацияның инновациялық құралы бола алады.

5. спонсорлық жалпы рыногтың коммуникацияда интегралды болуға тиіс.

6. спонсорлық бәсекелестіктің стратегиялық құралы болып табылады.

7. спонсорлық эмоция, көңіл-күй саласына бағытталған коммуникациялық құрал бола алады, бұл қазіргі өмір салтының трендамдарына сәйкес келеді.

8. спонсорлық дұрыс ақпарат таратудың ең жоғары дәрежесі бола алады, оның ең маңызды критерийі (өлшемі) спонсорлық қызмет субъектісінің жақын болуы болып табылады.

Спонсорлық дамудың болашағы.

1. дүние жүзінің әр түрлі елдерінде спорттық демеушілік көрсетудің пайда болуы.

2. Ресейде, оның ішінде Қазақстанда өзіндік бір спорттық демеушілік көрсетудің болуы.

3. Олимпиадалық ойындардың спонсорлығы.

4. Олимпиадалық спонсорлық бағдарламалардың үйлестірушісі (координаторы).

5. спорттағы спонсорлық бағдарламалардың халықаралық және ұлттық үйлестірушілері (координаторлары).

6. спорттық спонсорлықтың айқай-сурендігі, яғни «бумдары».

Объективтік – субъективтік өзара байланыстар.

Спорттағы спонсорлық ұйымдық құрылымдары мыналар:

1. спорттың спонсорлық субъектілері, немесе демеушілік көрсетушілер;

2. спорттағы спонсорлықтың объектілері;

3. спорттық спонсорлықтың делдалдары.

Спорттағы спонсорлық субъектілерін топтастыру:

1. спорттық мақсатта өнімдер өндіретін, бірінші кезекте спорт товарларын шығаратын фирмалар – спонсорлар;

2. спортқа жақын өнімдер шығаратын (мәселен, азық-түлік, тренажерлар, жеке адам гигиенасының заттары) фирмалар – спонсорлар;

3. спортқа жанама қатынасы бар өнімдер өндіретін фирмалар – спонсорлар (авиакомпаниялар, сақтандыру компаниялары т.б.);

4. спорт өнімдерінен алшақ өнім өндіретін фирмалар – спонсорлар (мәселен, жиһаз шығаратын фирмалар).

Спорттағы спонсорлық объектілері.

1. жоғары жетістіктер спорты

2. сауықтыру спорты

3. бос уақыттағы спорт (мәселен, бұқаралық спорт).


^ ЛИЦЕНЗИЯСЫ БАР СПОРТ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ.


Лицензиялау – латынның «Licentia» деген сөзі, рұқсат беру деген мағананы білдіреді.

Лицензиялау, бұл нақты келісім шарт, бұл шарт бойынша ұйым басқа ұйымға немесе компанияға бөлшек және көтерме сауда бағасымен сатылатын тауарлар мен өнімнің сауда белгісін, ресми нышандарды (символика) пайдаланудың коммерциялық құқықтарын береді.

Спорттық лицензиясы бар бизнес екі бағыт бойынша – командалардың атаулары мен нышандарына берілген лицензияларды компаниялардың - өндірушілердің шығарған өнімдеріне пайдалану бойынша және әдетте коорпаративтік демеушілік жасау түрін пайдаланатын жарнамалау-коммерцияляқ қызметті лицензиялау бойынша дамытады.

^ Лицензиясы бар бағдарлама.

Лицензиясы бар бағдарламаны жүзеге асыру үшін істі неден бастау керек?. Ең алдымен, лицензия берілетін нысанды-ұйымды, клубты немесе команданы құрудан бастау керек?. Оның әрине, нышаны болу керек. Бұдан кейінгі шара (саты) аталған меншікті тіркеуден өткізу үшін қажетті шаралар қабылдау болып табылады. Бұл оны үшінші тараптың жынысқы түрде құпия пайдаланып кетпеуі үшін жасалған құқықтық санкция болады.

Лицензиясы бар бағдарламаны іске асырудың неғұрлым маңызды сәттерінің бірі лицензияға жататын тауарлар категориясын дұрыс таңдап алу болып табылады.

Лицензиясы бар бағдарлама жазбаша түрде тіркелген және басшылыққа алынатын анықтама кітапшасы жарық көрген болуға тиіс. Ол спорт ұйымының, клубтың барлық қызметкерлері т.б. үшін байланыстырушы буын және ақпараттық материал болып табылады.

Мұндай басшылық өз ішіне мынадай бөлімдерді алуға тиіс:

1. лицензияға жататын меншіктің барлық түрлерін ұқсастандыру;

2. қаламақының мөлшері және кірісті (табысты) бөлу;

3. қаламақы төлеуден босату.

Лицензиялы келісім шарт.

Сізден лицензия алуға мүдде білдірген фирма, корпорация мынадай ақпараты бар ресми арыз (өтініш) беруге тиіс: бизнес саласында жұмыс істеген жылдары, жылсайынғы тауар айналымы, ұсынылған товардың атауы, қаржылық кепілдемелер, өнімді өткізу жолдары, өткен уақыттағы лицензиясы бар сауда тәжірибесі, сақтандыру шартымен жабылған тәуекелділіктің жалпы сомасы, ағымдағы лицензиялар және т.б.. Кейбір елдерде бірқатар спорт ұйымдары мұндай өтініш бергені үшін потенциальды (әлуетті) лицензия алушылардан жарна алады.

Егер бағдарлама басшысы өтінішті мақұлдаса, онда лицензиясы бар шарт лицензия алушыға тапсырылады. Шартқа мынадай пунктер кіруге тиіс:

1. шарттың қолдану мерзімі;

2. шарттың қолдануының доғарылуы; (тоқтатылуы)

3. шарттың қолданылу мерзімінің ұзартылуы;

4. тауар үлгісін беру (ұсыну);

5. сақтандыру;

6. аванс төлеу;

7. лицензия алушыны анықтау;

8. қаламақы туралы деректер;

9. жұмыстың атқарылуын бақылау.

Шарттың негізгі қаржылық компоненті белгілі уақыт аралығы үшін тауарды өткізуден алынған ақшаның белгілі бір пайызын аудару болып табылады.

Сонымен нышанды (символика) пайдалану құқығы туралы лицензиясы бар шарт құқық иесі кім екенін тауарлар категориясы, жарнама құралдарының түрі, көлемі лицензиялы БАЖ салығының мөлшері т.б. анықтап береді.

Бұл бизнес үшін дәстүрлі лицензиясы бар шарттың бірнеше түрі бар, атап айтқанда, олар мыналар: негізгі рұқсат беретін шарт; ұжымдық лицензиялы шарт және жарнамалы-коммерциялық шарт.

Географиялық принцип (қағидат) бойынша өнімнің таралу көлеміне байланысты лицензия жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық болуы мүмкін.


^ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАЛЫҚ КОМИТЕТ (МОК) ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ БІРЛЕСТІКТЕРІ.


Халықаралық спорт қозғалыстары біздің планета халықтары арасындағы ынтымақтастық пен түсінушіліктің, адамдардың қарым-қатнастарының қуатты әлеуметтік факторы және сенімді құралы болып табылады.

Халықаралық спорт қозғалыстары XIX ғасырдың аяқ шені мен XXғасырдың бас кезінде пайда болды. Нақ осы кезеңде жекелеген ұлттық спорт одақтары мен ұйымдары базасында спорттың түрлері бойынша алғашқы халықаралық спорт бірлестіктері (федерациялары) құрыла бастады.

Қазіргі таңда халықаралық спорт бірлестіктерінің саны 200-ден асады, олардың көпшілігін спорт түрлері бойынша халықаралық федерациялар құрайды.

Халықаралық спорт бірлестіктері үкіметтік емес, қоғамдық ұйымдар категориясына жатады.

Халықаралық спорт бірлестіктерінің мүшелерін ұлттық спорт ұйымдары, кейбір жағдайларда – спорт және дене тәрбиесі саласындағы халықаралық бірлестіктер, сондай-ақ жекелеген адамдар құрайды.

Халықаралық спорт бірлестіктерін олардың қызмет мерзімдері бойынша (уақытша немесе тұрақты), географиялық белгісі бойынша (дүние жүзілік немесе аймақтық), мүшелігінің сипаты бойынша (ұжымдық, жеке), қай кәсіпке жататындығына, діни сенім нанымдарына т.б. бойынша топтастыруға болады.

Халықаралық олимпиадалық комитет (МОК) 1894 жылдың 23 маусымында I олимпиадалық конгресте құрылған. Осы конгресте 13 елден келген 79 делегат әуесқойлық және кәсіптік спорт проблемаларын талқылаған және негізгі олимпиадалық идеялар мен принциптерді (қағидаттарды) тұжырымдаған.

^ Халықаралық олимпиадалық комитеттің құрамы мен мақсаттары.

МОК-тің мақсаттары олимпиадалық ойындарды жүйелі түрде өткізу; жарыстарды ұйымдастыру және әуесқойлық спортты ынталандыру; күллі елдер спортшылары арасындағы достықты дамытып, нығайту, олимпиадалық идеалдар (мұратта) рухында спорттың дамуын бағыттап, рухтандыруға ұмтылу.

МОК өзінің практикалық қызметінде олимпиадалық хартияны басшылыққа алады, ал бұл хартияға ресми ережелер, сондай-ақ нұсқауларды түсіндіріп отыру кіреді.

Бұл құжаттың бірінші бөлігі 5 бөлім, 68 тармақтан тұрады: I. Негізгі принциптер (қағидалар); II. МОК; III. Ұлттық олимпиадалық комитет (НОК); IV. Олимпиадалық ойындар; V. Ойындарды ұйымдастыру.

^ Бірінші бөлімде Олимпиадалық қозғалыстың мақсаттары, Олимпиадалық ойындарды мезгілімен өткізу және оларға басшылық ету, сондай-ақ олимпиадалық нышандар (олимпиадалық жалау, нышан, алау, рәміз) туралы жалпы ережелер көрсетілген.

^ Екінші бөлімге МОК-тің міндеттері мен мақсаттары, оның құрамы және жоғарғы органдар (сессия, атқару комитеті) туралы мағлуматтар, президентті, вице-президенттерді және атқару комитетінің мүшелерін сайлау туралы ережелер, сондай-ақ халықаралық спорт ұйымы ретінде Халықаралық Олимпиадалық комитеттің (МОК) қызметіне қатысты басқа да бірқатар ережелер кіреді.

Үшінші бөлімде ұлттық олимпиадалық комитеттердің мәртебесіне және олардың МОК-дағы өзара қарым-қатынастарына қатысты барлық мәселелер жария етілген.

^ Төртінші және бесінші бөлімдерде олимпиадалық ойындарды өткізу мен ұйымдастыру жөніндегі талаптар жан-жақты көрсетілген (спортшыларды жарысқа жіберу тәртібі, ойындар бағдарламасы, ойындарды өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің функциясы (қызметі), жарыстардың ашылу және жабылу салтанаттары, жеңімпаздарды марапаттау т.б.).

^ Олимпиадалық ойындар. Олимпиадалық ойындар бағдарламасына ең кемінде спорттың 15 түрі енгізілуі тиіс.

Олимпиадалық ойындарда ерлер арасындағы жарыстар бағдарламасына 3 (үш) құрлықтың ең кемінде 40 елінде, ал қысқы ойындар бағдарламасына 2 (екі) құрлықтың ең кемінде 25 елінде кең тараған спорт түрлері енгізілген болуы мүмкін. Әйелдер арасындағы олимпиадалық жарыстар бағдарламасына 2 (екі) құрылықтың 25 елінде, ал қысқы ойындар бағдарламасына 2 (екі) құрылықтың 20 елінде кең таралған спорт түрлері енгізілуі мүмкін.

Халықаралық олимпиадалық комитет және халықаралық олимпиадалық қозғалыс.

МОК өзі құрылған уақыттан бері дүние жүзінің көптеген елдеріндегі ұлттық олимпиадалық комитеттерді біріктіріп, халықаралық спорт ұйымдары арасында бірте-бірте ерекше орын алып келеді. Қазір ол спорттың олимпиадалық түрлеріне басшылық ететін МСФ-пен елеулі түрде ынтымақтасып, олимпиадалық қозғалыстың барлық жастағылардың арасында кең таралуына ықпал етіп отыр. Оның ұйымдық негіздері құрылған, Олимпиадалық хартия қалыптасқан олимпиадалық қағидаттарды (принциптерді) жүзеге асыруға мүдделі ұлттық және халықаралық спорт ұйымдарымен қарым-қатынастар жақсы жолға қойылған. Осының бәрі халықаралық олимпиадалық қозғалыстың қазіргі халықаралық өмірдің елеулі қоғамдық-саяси құбылысына айналуына жәрдемдесіп отыр.

Халықаралық олимпиадалық комитет спортты интернационал-дандыру жөнінде елеулі жұмыс атқарып отыр. МОК-тың сессияларында, олимпиадалық конгрестерде әйелдер спортын, спорт ғылымын дамытуға, олимпиадалық ойындар бағдарламасы шеңберінде өнер конкурстарын ұйымдастыруға байланысты мәселелер, олимпиадалық жарыстарды өткізу ережелерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар т.б. қарастырылады.


^ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ КӘСІПТІК СПОРТ.


Солтүстік Америкада, Австралияда, бірқатар Европа, Азия және Латын Америкасы елдерінде спорттың кейбір түрлері кәсіптік негізде кең таралып отыр, ал ол жекелеген Африка елдерінде пайда болды (мәселен, Нигерияда).

Бұл елдерде спортты дамытуға деген мемлекеттік көзқарас аса күрделі болды. Ол ең әуелі ағылшындардың, кейін олимпиадалық «әуесқойлық» тұжырымның ықпалымен қалыптасқан еді. Дүние жүзінің көптеген елдерінде 70-жылдардың орта шеніне дейін спорт басшыларының кәсіптік спортқа деген жағымсыз көзқарасы байқалды. Көптеген елдердің, ең алдымен социалистік «лагерь» елдерінің үкіметтері осындай көзқарасты ұстанды.

70-жылдардың екінші жартысында спортты коммерциялау процесі өз-өзін белсенді түрде мәлімдей бастады, ал 80-шы жылдары ол белең алды. Кәсіптік спортқа деген көзқарас өзгере бастады. 80-жылдардың екінші жартысында МОК-тың кәсіптік спортшыларды спорттың бірқатар түрлері бойынша Олимпиадалық ойындарға жіберу туралы шешімі оған деген көзқарасты түбегейлі өзгертіп жіберді, бұл бірінші кезекте бұрынғы кеңес одағына, шығыс Европа елдеріне қатысты еді.

Тарихи тұрғыдан алғанда, кәсіптік спорттың үш моделі – американдық, Европалық және өзіндік бір азиялық/латын американдық моделі қалыптасқан еді.

^ Американдық кәсіптік спорт моделінің (нұсқасының) жүз жылдық тарихы бар, ол XX ғасырдың 60-жылдарына дейін бизнестің көңіл көтеретін дербес бір саласы ретінде қалыптасып, дамыды.

Кәсіптік лигалардың инфрақұрылымы мынаны көрсетеді, бір жағынан бизнеске тартылған барлық дерлік топтар – лигалар басшылары, командалар қожайындары, менеджерлер, жаттықтырушылар, екінші жағынан, спортшылар, агенттер және ойыншылар лигалары ассоциациясы бірлесіп қимыл жасады, әрине, олардың арасында ымыраласу жоқ, оларда кіріс пен пайда алуға байланысты ортақ мүдделер ғана бар. Осыдан келіп, мемлекеттің қабылдаған әр түрлі құқықтық актілерімен реттелетін олардың қатынастарын қарастыруға болады. Мемлекеттің американдық кәсіптік спортты дамытудағы ролі де нақ осындай.

^ Европалық модель (нұсқа). Европаның барлық елдерінде кәсіптік спорттың жекелеген түрлері, бірінші кезекте, ойындар кеңінен таралған, сондықтанда мемлекет жергілікті билік органдары арқылы оны дамытуға мүдделі болып отыр.

Көптеген Европа елдерінің мамандары және ғалымдары спорттың дамуына жұмсалған шығындар мемлекет, жергілікті өкімет органдары, халық, спорттың демеушілері есебінен жабылуы тиіс, деп санайды.

Біздің елімізде кәсіптік спортты дамытумен мықтап айналысу үшін кәсіптік спорт жоғары жетістіктер спортының бір түрі ме, әлде оны көңіл көтеретін жеке сала ретінде қарастыруға бола ма?. Спорттың қандай түрлерін кәсіптік негізде дамытуға болады?. Кәсіптік лигада қанша команда болуы керек? Деген сауалдарға жауап іздестіру керек.

Батыста кәсіптік спорт экономиканың пайдасына жұмыс істейді, ал бізде әзірге экономика спортқа жұмыс істеп тұр.

Шет елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді, кәсіптік спортты дамыту үшін белгілі бір әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлардың болуы – халық тұрмысының жоғары деңгейі, халықтың спортты көңіл көтерудің құралы деп қарауы, оның елде кеңінен танымал болуы, көрермендер үшін жақсы жағдайлары бар спорт ғимараттарының болуы, спортшылардың құқықтық және әлеуметтік жағынан қорғалуы, салық саясаты т.б. болу қажет.

Сондай-ақ спортшылардың, жаттықтырушылардың, функционер-лердің және спорт журналистердің психологиясын өзгерту қажет. Олардың көпшілігі кәсіптік спортқа көшу мен бірге контрактілер (келісім шарттар) бойынша спортшылардың жалақысы да міндетті түрде өседі, деп санайды. Шын мәнінде, олардың жалақысының деңгейі ең алдымен, олардың алған табыстарымен анықталуға тиіс. Бүгінде спорт қоғамдық және әлеуметтік құбылыс, ол мемлекеттің қызметі мен мүддесінен тыс қалуы мүмкін емес.



Похожие:

Олимпиада білімін дамыту iconОлимпиада білімін дамыту
Олимпиада білімі қоғамдық одақ пен ұйым, жалпы ақпарат тәсілі мүмкіншіліктерін пайдалану, халықтың үлкен көлемін кірістеріне арнайы...
Олимпиада білімін дамыту iconПоложение о проведении межвузовской студенческой олимпиады «Мегамозг»
Межвузовская студенческая олимпиада «Мегамозг» (далее – олимпиада) проводится Студенческим научным обществом Вятского государственного...
Олимпиада білімін дамыту icon10 марта в 14: 00 при Успенском храме г. Ногинск состоится ежегодное празднование Широкой Масленицы. В программе праздника: масленичная олимпиада, аукцион, катание на лошадях, ярмарка, файер шоу. Масленичная Олимпиада это народные забавы, игры, конкурсы
В программе праздника: масленичная олимпиада, аукцион, катание на лошадях, ярмарка, файер шоу
Олимпиада білімін дамыту iconЖалпы ереже Конкурстың мақсаты
«Қазақстандағы қолөнерді дамыту және халықтың көркемөнер кәсібін жаңғырту» бағдарламасы
Олимпиада білімін дамыту iconОлимпиада для студентов и выпускников вузов
...
Олимпиада білімін дамыту iconОлимпиада по химии

Олимпиада білімін дамыту iconОткрытие мини-олимпиад в феврале в поддержку Зимних Олимпийских игр 2014 в Сочи пройдет зоо-олимпиада в новом контактном зоопарке
Зимних Олимпийских игр 2014 в Сочи пройдет зоо-олимпиада в новом контактном зоопарке «Бугагашечка» (с 7 по 23 февраля) и лего-олимпийские...
Олимпиада білімін дамыту iconЗаочная олимпиада по физике. 11 класс. 2009-2010 учебный год. Заочная олимпиада по физике. 10 класс. 2009-2010 учебный год
В цилиндрическом сосуде с водой плавает дощечка, на которой находится железный куб. На сколько изменится уровень воды в сосуде, когда...
Олимпиада білімін дамыту iconИмя Конкурс/олимпиада/конференция/форум

Олимпиада білімін дамыту iconКафедра оперативной хирургии и топографической анатомии ii-ая Студенческая Хирургическая Олимпиада ягма

Олимпиада білімін дамыту iconП/п Полное наименование олимпиады
Общеобразовательные предметы (комплексы предметов), по которым проводится олимпиада
Вы можете разместить ссылку на наш сайт:
Документы


При копировании материала укажите ссылку ©ignorik.ru 2015

контакты
Документы